Құпиялылық саясаты
Осы құпиялылық саясаты осы веб-сайтқа кірген кезде сіз ұсынған ақпаратты пайдалану және қорғау ережелерін анықтайды.
Сіз осы веб-сайт арқылы өзіңіз туралы беретін деректердің қорғалуына сенімді болуыңыз біз үшін маңызды. Егер сізден осы сайтқа кірген кезде сәйкестендіру үшін ақпарат сұралса, бұл ақпарат тек осы құпиялылық саясатына сәйкес пайдаланылады.
MIMICRY KZ өз құпиялылық саясатын өзгертуі мүмкін, сондықтан осы беттегі жаңартуларды үнемі қарап тұруыңызды сұраймыз. Қолданыстағы құпиялылық ережелері 2021 жылғы 12 қыркүйектен бастап күшіне енді.
Біз қандай ақпарат жинаймыз
Кері байланыс формасын толтыра отырып, сіз формада көрсетілген жеке деректеріңіздің өңделуіне келісім бересіз. Бұл ретте MIMICRY KZ сіздің жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға ешқашан бермейді.
Біз кері байланыс формасы арқылы келесі ақпаратты жинауымыз мүмкін:
- Аты-жөніңіз
• Компанияңыздың атауы
• Электрондық пошта мекенжайын қоса алғанда, байланыс ақпаратыңыз
Жиналған деректерді қалай қолданамыз
Бұл ақпаратты сіздің талаптарыңызды түсіну және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында сұраймыз, атап айтқанда:
- Ішкі есепке алу
• Өнімдер мен қызметтерді жақсарту
• Сіз бұрын берген электрондық пошта мекенжайыңызды пайдалана отырып, жаңа қызметтер, компания жаңалықтары немесе сізге қызықты болады деп есептелетін басқа ақпараттар туралы жарнамалық хабарламаларды мезгіл-мезгіл жіберу
Қауіпсіздік
MIMICRY KZ сіз берген ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден немесе жария етуден қорғау үшін барынша шара қолданады. Біз онлайн түрде алынған ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін физикалық, электрондық және әкімшілік қауіпсіздік шараларын қабылдаймыз.
Cookies қолдану
Cookies пайдалану саясатымен сіз біздің веб-сайттағы Cookies саясаты бөлімінде таныса аласыз.
Басқа веб-сайттарға сілтемелер
Біздің веб-сайтта қызметтерімізге, іс-шараларымызға немесе жаңалықтарымызға қатысты қызықты әрі пайдалы ақпарат бар басқа веб-сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. Алайда, осы сілтемелер арқылы басқа сайттарға өткен жағдайда, олардың мазмұны мен жұмысын біз бақылай алмаймыз. Сондықтан, басқа сайттарға кірген кезде ұсынған деректеріңіздің қорғалуына біз жауапты емеспіз. Бұл құпиялылық саясаты оларға қолданылмайды. Мұқият болуды және басқа веб-сайттардың құпиялылық саясатымен танысуды сұраймыз.
Жеке ақпаратыңызды бақылау
Сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңыздың қолданылу аясын еш кедергісіз шектей аласыз. Егер сіз MIMICRY KZ-дің маркетингтік тарату тізіміне қосылып, бірінші электрондық хаттан кейін шаралар туралы хабарлама алу үшін өз деректеріңізді пайдалануға келісім берген болсаңыз, шешіміңізді кез келген уақытта өзгертіп, тарату тізімінен шығуға құқығыңыз бар.
Біз сіздің келісіміңізсіз жеке деректеріңізді үшінші тұлғаларға сатпаймыз, таратпаймыз және жария етпейміз, тек заң талап еткен жағдайда ғана.
Егер біздің жинаған деректеріміздің дұрыс еместігіне немесе толық еместігіне сенімді болсаңыз, не болмаса “ұмытылу құқығыңызды” пайдаланып, жеке ақпаратыңызды өшіргіңіз келсе, info@mimicry.kz электронды поштасына мүмкіндігінше тез арада хабарласыңыз. Біз қажетті түзетулерді енгіземіз.